«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді. 2026 жылғы сәуір–маусым айларының қорытындысы бойынша 835 мыңнан астам азамат хабарлама жіберілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін алды (қалпына келтірді).
Аталған сервис азаматтарға сақтандыру мәртебесінің жоқ екенін дер кезінде білуге және алдын ала қажетті шараларды қабылдауға – мәртебесін тексеруге, берешегінің бар-жоғын нақтылауға және қажет болған жағдайда өткізіп алған төлемдерін төлеуге мүмкіндік береді.
Қор ай сайын сақтандырылмаған азаматтардың тізбесін қалыптастырып, клиенттерді кейіннен хабардар ету үшін қажетті мәліметтерді банктерге жолдайды. Деректерді беру дербес деректерді қорғау туралы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Банктер алынған ақпаратты өздерінің клиенттік базасымен салыстырып, мобильді қосымшаларды пайдаланушыларға push-хабарламалар жібереді. Берешек болған жағдайда азамат төлем жүргізе алады, ал қаражат түскеннен кейін «сақтандырылған» мәртебесі белгіленген тәртіппен беріледі.
Сервистің негізгі мақсаты – азаматты алдын ала хабардар ету арқылы медициналық көмекке жүгінген кезде сақтандыру мәртебесінің болмауы күтпеген жағдайға айналмауын қамтамасыз ету.
«Біздің міндетіміз – азамат медициналық көмекке жүгінген кезде сақтандыру мәртебесінің жоқ екенін күтпеген жерден білетін жағдайларға жол бермеу. Банк қосымшалары арқылы жіберілетін push-хабарламалар азаматтармен өзара іс-қимыл жасаудың ең тиімді арналарының бірі болып табылады. Олар азаматты сақтандыру мәртебесін қалпына келтіру қажеттілігі туралы дер кезінде хабардар етуге және МӘМС жүйесінде медициналық көмекке қолжетімділікті сақтау үшін қажетті шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік береді», – деп «ӘМСҚ» КЕАҚ Заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жасау департаментінің директорының міндетін атқарушы Аскар Касимов атап өтуде.
Қазіргі таңда сервис Halyk Bank, Freedom Bank және Еуразиялық банктің мобильді қосымшаларында қолжетімді. Биылғы маусым айында Қор Kaspi Bank-пен осындай тетікті енгізуді көздейтін қосымша келісімге қол қойды. Қазіргі уақытта сервис Halyk Bank, Freedom Bank және Еуразиялық банктің мобильді қосымшаларында іске асырылған. Биылғы маусым айында Қор Kaspi Bank-пен осыған ұқсас тетікті енгізуді көздейтін қосымша келісімге қол қойды. Сонымен қатар сервисті кеңейту және оған басқа да екінші деңгейдегі банктерді қосу жұмыстары жалғасуда.

02.07.2026
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
«KASPI BANK» АҚ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА МӘМС МӘРТЕБЕСІ БОЙЫНША PUSH-ХАБАРЛАМАЛАР СЕРВИСІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Қор халықтың ақпараттандырылуын арттыру және МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде екінші деңгейлі банктер арқылы халықпен кері байланыс орнату бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.
22.06.2026