1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.

Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды одан әрі дамыту міндеттеріне сәйкес келеді.

Соңғы жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде қаржыландыру көлемі кезең-кезеңімен ұлғайып, медициналық көмектің қолжетімділігі кеңейтілді. Сонымен қатар қаржы ағындарының күрделенуі, көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуі және жүйеге түсетін жүктеменің артуы бірыңғай қағидаларға, қаржылық шешімдердің цифрлық қадағалануына, болжам жасауға және тәуекелдерді басқаруға негізделген сапалы жаңа басқару моделіне көшуді талап етеді.

Іс жүзінде бұл қаржы ағындарын әкімшілендіру моделінен денсаулық сақтау саласының қоғамдық ресурстарын стратегиялық басқару моделіне көшу туралы болып отыр.

Жаңа архитектурада Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың операторы ғана емес, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын, МӘМС қаражатын тиімді пайдалануды және медициналық көмекті қаржыландыруды басқарудағы бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ететін мемлекеттік қаржы институты ретінде қарастырылады.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қор жұмысы дәл осы мақсатқа бағытталды.

Қаржыландырудың қолданыстағы моделіне, шығыстар құрылымына, медициналық көмекті сатып алу тетіктеріне, қаржылық міндеттемелерге және қолданыстағы бақылау жүйесіне кешенді талдау жүргізілді. Оның негізінде алдағы трансформацияның негізгі бағыттары қалыптастырылды.

Қордың 2026–2030 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілді, МӘМС-тің актуарлық моделі жаңартылды, медициналық көмекті жоспарлау, сатып алу, қаржыландыру және мониторингтеу процестерін орталықтандыру басталды, қаржылық тәуекелдерді басқарудың бірыңғай қағидаттары енгізілуде.

Сонымен қатар қаржыландыруды басқарудың бірыңғай цифрлық контуры – Qalqan қалыптастырылуда. Ол медициналық көмек көлемін жоспарлаудан бастап ақы төлеуге және ресурстарды пайдалану тиімділігін кейінгі бағалауға дейінгі барлық кезеңде қаражат қозғалысының қадағалануын қамтамасыз етеді.

Цифрлық шешімдер реформаның дербес мақсаты ретінде емес, мемлекеттік басқару сапасын арттыру құралы ретінде ғана қарастырылады.

Өзгерістердің маңызды бағыттарының бірі қоғамдық қаражатты қорғауды күшейту болды. Қор жекелеген бұзушылықтарды анықтаудан қаржылық тәуекелдерді превентивті басқару жүйесіне көшіп жатыр.

Заманауи аналитикалық құралдар қаражат аударылғанға дейін негізсіз төлемдер, қосып жазу және өзге де бұзушылық белгілерін анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстың нәтижелері қазірдің өзінде практикалық тұрғыдан расталып отыр. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 4,5 млрд теңгені құрайтын бұзушылық фактілері бойынша 72 материал жолданды, белгіленген залал көлемі 3,7 млрд теңгені құрайтын 27 қылмыстық іс тіркелді. Салыстыру үшін, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 630 млн теңгеге 73 материал беріліп, 8 қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұл МӘМС жүйесіндегі мемлекеттік қаржылық бақылау тиімділігінің сапалық тұрғыдан артқанын көрсетеді.

Азаматтар үшін жүйенің ашықтығын арттыруға ерекше назар аударылуда. Цифрлық сервистер дамытылып, кері байланыс және халықты атаулы ақпараттандыру тетіктері жетілдірілуде, қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндіктері кеңейтілуде.

Екінші жартыжылдықта Қор жаңа қаржылық контурдың операциялық моделін қалыптастыруды аяқтайды. Медициналық көмекке ақы төлеуге дейінгі бақылауды, жеткізушілерді тәуекел-профильдеу жүйесін, қаржылық құжаттарды автоматтандырылған тексеруді енгізу, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржылық процестерді реттейтін нормативтік базаны одан әрі жетілдіру жоспарланып отыр.

Келесі кезең саланы басқарудың заманауи экономикалық моделіне көшуге бағытталады. Ол нәтижеге бағдарланған қаржыландыруды дамытуды, тарифтік саясатты жетілдіруді, медициналық көмектің өзіндік құнын есептеу дәлдігін арттыруды және шығыстар тиімділігін бағалаудың қазіргі заманғы құралдарын енгізуді көздейді.

«Бүгінде біз іс жүзінде денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшіп жатырмыз. Оның басты міндеті – қоғамдық қаражаттың әр теңгесінен барынша жоғары нәтиже алу, жүйенің қаржылық тұрақтылығын нығайту және қаржыландыру тетіктерін толық ашық әрі объективті ету. МӘМС 2.0 – осы реформаны іске асырудың практикалық құралы.

Жыл соңына дейін біз деректер негізінде шешім қабылдауға, бұзушылықтар туындағанға дейін тәуекелдердің алдын алуға және жүйеге қатысушылардың барлығы үшін бірыңғай қағидаларды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірыңғай қаржылық контурды қалыптастыруды аяқтаймыз.

Түпкі нәтижесінде, мұның игілігін пациент көреді. Себебі тұрақты қаржыландыру – қолжетімді әрі сапалы медициналық көмектің негізі», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Гүлмира Сабденбек.

Іске асырылып жатқан өзгерістер қоғамдық қаржыны басқару тиімділігін арттыру және заманауи денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болып табылады. Олардың түпкі мақсаты – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын ұзақ мерзімді дамытуға қабілетті, қаржылық тұрғыдан тұрақты, ашық және нәтижеге бағдарланған модель қалыптастыру.

08.07.2026
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
В МОБИЛЬНОМ ПРИЛОЖЕНИИ АО «KASPI BANK» БУДЕТ ВНЕДРЕН СЕРВИС PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ ПО СТАТУСУ ОСМС
«KASPI BANK» АҚ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНДА МӘМС МӘРТЕБЕСІ БОЙЫНША PUSH-ХАБАРЛАМАЛАР СЕРВИСІ ЕНГІЗІЛЕДІ
Қор халықтың ақпараттандырылуын арттыру және МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде екінші деңгейлі банктер арқылы халықпен кері байланыс орнату бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.
22.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу