1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бірінші жартыжылдықта медициналық қызмет сапасына жүргізілген мониторинг қорытындысымен бөлісті. Кемшіліктердің басым бөлігі консультативтік-диагностикалық қызметтерді көрсету кезінде орын алған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілді көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы екені көпшілікке мәлім. Қор медициналық ұйыммен келісімшарт жасасқан кезде тапсырыс беруші әрі төлеуші болса, медициналық ұйым өз кезегінде осы медициналық қызметтерді ұсынады.

Қор сарапшылары келісім міндеттемелері шеңберінде ТМККК және МӘМС аясында жұмыс істейтін медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметтерінің сапасы мен көлемдеріне ұдайы мониторинг жасайды. Шара барысында медициналық көмек көрсету стандарттарынан, клиникалық хаттамалардан және басқа да нормативтерден кемшілік жіберілгені анықталса, медициналық ұйымдарға айыппұл санкциялары салынады.

2023 жылдың 6 айында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 1,15 млн астам кемшілік анықталды. Айыпақы сомасын қоса алғанда, оларға жалпы 8,8 млрд теңгеге экономикалық ықпал ету шаралары қолданылды.

Анықталған кемшіліктер бойынша Ақтөбе облысы (9,5%), Шымкент қаласы (8,6%) және Қызылорда облысының медициналық ұйымдары көш бастап тұр.

Анықталған жағдайлардың 89%-ы (998,6 мың кемшілік) көрсетілген медициналық көмек пен қызметтер көлемін негізсіз асыруға байланысты болып отыр. Ал 8%-ы (89 мың) денсаулық сақтау және клиникалық хаттамалар аясында емдеу-диагностикалық іс-шаралардан, стандарттардан, ережелерден негізсіз ауытқығаны анықталды. Ал 7,8 мыңнан астамын (2%) көрсетілмеген медициналық көмекті көрсетілді деп жазған жалған ақпарат құрады.

Медициналық көмек түрлері ішінен жан басына шаққандағы кешенді нормативтен тыс консультативтік-диагностикалық қызметтер бойынша кемшіліктер басым (1,03 млн кемшілік немесе 92%). Стационарлық көмек нысанында мамандандырылған медициналық көмек 4%-ды (47,3 мың кемшілік), ал ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмек бойынша 2%-ды (21 мың кемшілік) құрайды.

«Талдау нәтижелеріне сүйенсек, көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемін асырып көрсету бойынша көптеген бұзушылық орын алады. Кемшіліктердің басым бөлігі консультативтік-диагностикалық қызметтерде анықталады. Мемлекет басшысы өз сөзінде консультативтік-диагностикалық көмекті көрсету барысында жалған жазбаның көп орын алатынын тілге тиек еткен болатын. Салдарынан қаржы жетіспеушілігі мәселесі көтеріледі. Қор өз тарапынан медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізеді және бұндай фактілердің жолын кеседі. Ашықтықты арттыру үшін денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Сәбит Ахметов.

Егер сіздің тағы да сұрақтарыңыз болса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгініңіз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары: fms.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegramдағы SaqtandyryBot және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз.

Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді келесі құралдар арқылы тексеруге болады:

- fms.kz ресми сайты

- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

- Telegramдағы @SaqtandyryBot

- 1414 Бірыңғай байланыс орталығы

- Damumed мобильді қосымшасы.

Сондай-ақ egov.kz электронды үкімет сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

23.08.2023
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу