Желтоқсан айының 5-7 күндері «ДДСҰ» қазақстандық медициналық университеті ұйымдастырған «Global Health» халықаралық конгресі өтуде. ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова түрлі елдерден келген әріптестерінің алдында ҚР МӘМС жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы баяндама жасады.
Конгресс модераторы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Вячеслав Локшин құттықтау сөзінде қатысушылар заманауи Денсаулық сақтау алдында туындайтын қиындықтарды талқылауы керек екенін атап өтті, өйткені әлемде дәрігерлер мен пациенттер медицинаға риза болатын бірде-бір ел жоқ.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова өз сөзінде МӘМС жүйесін 2019 жылдан 2024 жылға дейін іске асыру нәтижелеріне тоқталды. Денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың жалпы көлемі 1,2-ден 2,8 трлн теңгеге дейін өсті, жеке өнім берушілердің саны 1200-ге дейін, яғни 1,4 есеге, ал олармен жасалған шарттардың сомасы 4 есеге жуық өсті.
«МӘМС-тің арқасында бір тұрғынның денсаулығына кететін шығындар да өсті: бұрын әр адамға 56 мың теңге болса, қазір 140 мың теңге. ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі Денсаулық сақтау шығындарының үлесі 2023 жылы 3,8%–ға дейін өсті. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы бұл көрсеткішті 2027 жылға қарай 5%–ға дейін жеткізу міндетін қойған болатын», - деді Индира Саркенова.
Қаржыландыру көлемінің өсуі бейінді мамандардың консультациялары мен диагностикалық тексерулердің қолжетімділігін 8 есеге арттыруға мүмкіндік берді. МӘМС-ке дейін халықтың әлеуметтік осал топтарының тек 8-і ғана КТ және МРТ-дан өту мүмкіндігіне ие болды, қазір медициналық көрсетілімдері бар барлық пациенттер томографиядан өте алады. Өткен жылы 1,2 млн КТ және МРТ жүргізілді, өсім 6 есе. Жоғары технологиялық қызметтерді қолданумен операциялар саны 3,5 есе, күндізгі стационарлар мен МСАК қызметтері 1,6 есе өсті.
Сондай-ақ, спикер биылғы жылы денсаулық сақтау алдында тұрған проблемалар туралы еске салды – шашыраңқы ақпараттық жүйелер, жеке төлем жүйесінің болмауы, бюджеттен қаражат төлеудің кешігуі, жарналар мен аударымдардың төмен ставкалары, медициналық көмекті пакеттер бойынша жасанды бөлу. Осыған байланысты бірқатар шаралар қабылданды: жеке төлем жүйесін әзірлеу, пакеттерді кезең-кезеңімен біріктіру, жергілікті атқарушы органдардың бағдарламалары арқылы дағдарысты және экстремалды әл-ауқат деңгейлерінен азаматтарды қамту, мемлекет үшін жарналар мөлшерлемесін және жалақысы 850 мың теңгеден жоғары адамдар үшін жарналар мен аударымдарды есептеу үшін жоғарғы шекті арттыру.
Естеріңізге сала кетейік, «Global Health» халықаралық конгресі өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу үшін денсаулық сақтау саласындағы сарапшыларды біріктірді.

06.12.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026