Жыл соңына дейін Home Credit Bank клиенттеріне банктің мобильді қосымшасында МӘМС қызметтері қолжетімді болады. Бұл Қор мен Home Credit Bank арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою нәтижесінде мүмкін болды.
Бұл жаңашылдық әр клиенттің жүйедегі сақтандыру мәртебесін тексеруге және мобильді қосымша арқылы МӘМС жарналарын төлеуге мүмкіндік береді.
«Home Credit Bank-пен меморандумға қол қою – маңызды қадам. Біз банктің мобильді қосымшасына МӘМС жүйесін енгізу ақпарат алуды айтарлықтай жеңілдететініне сенімдіміз. Бұл халықтың МӘМС жүйесі туралы хабардарлығын арттыруға көмектеседі», – деді Алматы филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан.
Home Credit Bank-пен меморандумға қол қою банк клиенттеріне МӘМС туралы ақпараттың қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Келешекте азаматтардың медициналық көмек алу құқығы жөніндегі білімдерін арттыру үшін қосымша сервистер қарастырылады.
«Біздің «Көмектесуге дайынбыз» стратегиямыз әлеуметтік жобаларды да қамтиды. Қазақстандық шағын және орта бизнес, бөлшек клиенттер үшін цифрлық банктерді құру арқылы, олардың күнделікті қаржылық мәселелерін шешуге көмектесе отырып, біз банктік емес қызметтерді де ұмытпаймыз. Ол клиенттерімізге маңызды және қажет. Home Credit Bank-тің онлайн пайдаланушыларының жайлылығы үшін біз МӘМС секілді және басқа да мемлекеттік қызметтерге қатысты сервистерді енгізудеміз. Клиенттердің жайлылығы – біздің басты міндетіміз, және біз бұл бағытта сервисті жетілдіре береміз», – деді басқарушы директор Станислав Тян.
Еске сала кетейік, азаматтар сақтандыру мәртебесін бұрынғыдай Қордың ресми кері байланыс арналары, атап айтқанда, Qoldau 24/7 қосымшасы, msqory.kz сайты және Telegram-дағы @SaqtandyrýBot арқылы тексере алады.
«Home Credit Bank-пен меморандумға қол қою – маңызды қадам. Біз банктің мобильді қосымшасына МӘМС жүйесін енгізу ақпарат алуды айтарлықтай жеңілдететініне сенімдіміз. Бұл халықтың МӘМС жүйесі туралы хабардарлығын арттыруға көмектеседі», – деді Алматы филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан.
Home Credit Bank-пен меморандумға қол қою банк клиенттеріне МӘМС туралы ақпараттың қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған. Келешекте азаматтардың медициналық көмек алу құқығы жөніндегі білімдерін арттыру үшін қосымша сервистер қарастырылады. «Біздің «Көмектесуге дайынбыз» стратегиямыз әлеуметтік жобаларды да қамтиды. Қазақстандық шағын және орта бизнес, бөлшек клиенттер үшін цифрлық банктерді құру арқылы, олардың күнделікті қаржылық мәселелерін шешуге көмектесе отырып, біз банктік емес қызметтерді де ұмытпаймыз. Ол клиенттерімізге маңызды және қажет. Home Credit Bank-тің онлайн пайдаланушыларының жайлылығы үшін біз МӘМС секілді және басқа да мемлекеттік қызметтерге қатысты сервистерді енгізудеміз. Клиенттердің жайлылығы – біздің басты міндетіміз, және біз бұл бағытта сервисті жетілдіре береміз», – деді басқарушы директор Станислав Тян.
Еске сала кетейік, азаматтар сақтандыру мәртебесін бұрынғыдай Қордың ресми кері байланыс арналары, атап айтқанда, Qoldau 24/7 қосымшасы, msqory.kz сайты және Telegram-дағы @SaqtandyrýBot арқылы тексере алады.
01.11.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026



