1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының нұсқауы және Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы бойынша сатып алу науқаны басталар алдында денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын жыл сайын жаңарту аясында ұйымдастырылды. 20 қыркүйек пен 31 қазан аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры рұқсат құжаттарынсыз медициналық көмек көрсету фактілерін анықтау мақсатында жеткізушілерге жоспардан тыс мониторинг жүргізді. Жоспардан тыс тексеру барысында 1 394 мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымға барып, 237 нысанда (17%) келесі бұзушылықтар анықталды:

1. өндірістік базаның белгілі бір бөліміне немесе медициналық көмек түріне лицензияның қосымшаларының жоқтығы – 75 медициналық ұйым;
2. рұқсат құжаттарының болмауы – 38 медициналық ұйым;
3. бір өндірістік базада бірнеше жеткізушінің болуы – 48 медициналық ұйым;
4. медицина қызметкерлерінің сертификаттарының жоқтығы – 32 медициналық ұйым;
5. басқа себептер (мысалы, нақты бар төсек-орындар мен медициналық техника көрсетілген мәліметтермен, ақпараттық жүйелердегі, ДСБ бұйрықтарындағы деректердің сәйкес келмеуі) – 119 медициналық ұйым.
«Тексеру нәтижесінде Қор филиалдары өз құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін 116 хабарламаны аумақтық Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті департаменттеріне, денсаулық сақтау басқармаларына жіберді. Қор өз тарапынан қосылу келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау үшін 61 медициналық ұйымға айыппұл тағайындады, ал 69 жеткізушіге 1.4 кодтағы «Рұқсат құжаттарынсыз (лицензия/лицензия қосымшалары, сертификаттар) медициналық көмек көрсету» ақауы қолданылып, айыппұл санкциялары салынды», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Светлана Пономарева.

Сонымен қатар, қосылу келісімшартының ауқымды бұзушылықтарын жіберген сегіз медициналық ұйыммен келісімшарттарды біржақты тоқтату туралы құжаттар қаралып жатыр.

Бұдан бөлек, Қор медициналық қызметке лицензиялардың қолданылу мерзімін көрсету міндеттілігі, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру және қайта ресімдеу тәртібін нақтылау мен күшейту және лицензиядан кейінгі бақылау нормаларын енгізу бойынша заңнамаға толықтырулар енгізу жөнінде Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныстар жолдады. 2025 жылдан бастап медициналық ұйымдардың рұқсат құжаттарына сәйкестігін тексеру үшін мекемелерге барумен бірге дерекқорды жыл сайын жаңарту жүргізілетін болады.
13.11.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу