1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Орталық коммуникациялар қызметінде МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің көлемі мен қаржыландыруға қатысты брифинг өтті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Сәбит Ахметов МӘМС жүйесін іске асыру барысындағы нәтижемен бөлісіп, 1406 байланыс орталығының операторы ретіндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

 

Сәбит Ахметов атап өткендей, МӘМС жүйесі енгізілгелі көрсетілетін қызметтер тізбесі кеңейтілді және олардың көлемі ұлғайды. Сонымен қатар күрделі операциялар мен жоғары дәлдіктегі диагностиканы күту ұзақтығын қысқарту мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.

Мысалы, кардиохирургиялық операцияларды күту ұзақтығы 3-4 айдан          1 айға дейін, бағасы қымбат КТ, МРТ қызметтері 10 күнге дейін қысқарды.

Сонымен қатар, бұрын ақылы негізде жүргізілген көптеген операциялар, мысалы, есту қабілетін қалпына келтіру операциялары МӘМС жүйесі аясында қолжетімді болды.

Жыл сайын МӘМС аясында көзге жасалатын операция саны артып келеді, оның ішінде катарактамен жүгінетіндер көп. Екі жыл ішінде қосымша 8 мыңға жуық адамға операция жасалды. Бұл көру қабілетін қалпына келтіруге және өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұндай операцияларды күту ұзақтығы 3-4 айдан 1 айға дейін қысқарды.

"Жоғары технологияларды қолдану арқылы жасалатын нейрохирургия, кардиохирургия, трансплантология, ЭКҰ операциялары көпшілікке қолжетімді. Мысалы, құны 74 млн. теңгеден асатын кардиохирургиялық операцияны МӘМС аясында жасайды. Жоғары технологияларды қолдану арқылы жасалатын оталардың орташа құны 3 млн. теңге тұрады», – деді Қор басшысы.

ПЭТ қызметтері де қолжетімді болды, яғни позитронды-эмиссиялық томография, бұл онкологиялық ауруларды диагностикалау сапасын және оларды емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттырады. (саны 2019 жылы 13 мыңнан 2022 жылы 21 мыңға дейін өсті).

Осы ретте Сәбит Ахметов атап өткендей, әлі күнге дейін медициналық сақтандырудың не екенін түсінбейтіндер бар. Оған Қордың 1406 Колл-орталығына жүгінетін азаматтардың өтініштері дәлел.

"Еліміздің әр жерінде не болып жатқанын, азаматтарымызды не мазалайтынын және олар қандай қиындықтарға тап болғанын тікелей білу үшін Қордың басшылық құрамы, оның өзім де аптасына бір рет байланыс орталығының операторлары ретінде бір сағат жұмыс істейміз. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар қызметкерлердің, жұмыс берушілердің жарналары мен аударымдары зейнетақы қорына ұқсас жинақтау жүйесі деп ойлайды. Нәтижесінде көптеген сұрақтар туындайды. Ақшамыз қайда кетіп жатыр дейді», - деп Қор басшысы оператор жұмысындағы әсерімен бөлісті.

Ол МӘМС жүйесі мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі қағидаттарына негізделетінін түсіндірді. Азаматтардың барлық жарналары мен аударымдары Ұлттық банктегі арнайы шотқа түседі және сол жерден емделген жандарға көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеуге жіберіледі.

Спикер атап өткендей, қаржыландырудың 2,5 есе ұлғаюына қарамастан, медициналық қызмет көрсету саласында айтарлықтай жақсару байқалмады. Яғни, бөлінетін қаражат халықтың күткеніне сәйкес келмейді. Осы ретте азаматтар МӘМС жүйесі керек пе деген сауал қояды. Өз кезегінде Қор мемлекет денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындайтынын хабарлайды.

«МӘМС жүйесін енгізбес бұрын 10 жыл бойы білікті мамандар, сарапшылар еңбек етті. МӘМС-тің басты мақсаты – халықтың осал топтарын (балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналар және т.б.) қорғау. Қазір Қор проблемалық мәселелерді шешумен және жүйені дамытумен айналысудың орнына МӘМС-тің қажеттілігін дәлелдеумен айналысады», - деп атап өтті Сәбит Ахметов.

Қор өз тарапынан халық арасында МӘМС-тің артықшылықтарын түсіндіру жұмысын күшейтуге, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін, МӘМС қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыратындарын айтты.

 

19.05.2023
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу