1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Жаз – баланың денсаулығына көңіл бөліп, профилактикалық тексерулерден өтуге таптырмас кезең. Балаларды қорғау күні қарсаңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кішкентай пациенттер үшін ТМККК және МӘМС аясында қандай медициналық қызметтер бар екенін еске салды. Балалар денсаулық сақтау жүйесінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 78-бабында баланың құқықтары жеке көрсетілген. Онда балалардың денсаулықты сақтау жөніндегі білім алуына, өз денсаулығы туралы ақпаратты (анықтамалар) өздеріне түсінікті форматта тегін алуына құқығы бар екені жазылған.

«Қазақстандағы 18 жасқа дейінгі барлық балалар МӘМС жүйесінің қатысушысы болып табылады – олардың орнына жарнаны мемлекет төлейді. Яғни, қажет медициналық көмектің барлығын олар тегін алады. 2025 жылы балаларға профилактикалық тексерулер мен скринингтер өткізуге 47,5 млрд теңге қарастырылған. Бұған қоса, мектеп медицинасын қаржыландыру бөлек жүзеге асады. Бұл бағытқа биыл 28,1 млрд теңге бөлінді», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тәжібаева.

Мектеп медицинасы Медицинада мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарына баратын балаларды медициналық қызметпен қамтамасыз етуге арналған «Мектеп медицинасы» деп аталатын арнайы бағыт бар.   

Мектеп медицинасы балалардың денсаулығын жүйелі бақылауға және қажет болған жағдайда, білім беру ұйымының ішінде жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда балалар ата-анасының келісімімен Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес вакцина алады. Бұл қызметтер тегін медициналық көмек көлемі тізбесіне кіреді.

Сондай-ақ мектеп қабырғасында жыл сайын МӘМС шеңберінде профилактикалық тексерулер жүргізіледі. Егер тексеру барысында қандай да бір патологиялар анықталса, баланы тіркелген емханасына тереңдетілген тексеруге жібереді.

Мектептегі немесе балабақшадағы тексеруге немесе вакцина жүргізу үшін тиісті бейіндегі медицина қызметкерлері келеді. Бұл іс-шаралар алдын ала жоспарланып, ата-аналарға хабарланады.

Сонымен қатар, мектеп немесе балабақша медпунктінде балаларға жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Бұдан бөлек мұнда салауатты өмір салтын ұстануға баулу аясында шаралар жүргізіледі.

Жаз мезгілінде қандай медициналық қызметтерді алуға болады? Егер бала қандай да бір себеппен білім беру ұйымында профилактикалық тексеруден өтпесе, оны жаз айларында тіркелген емханасында өте алады.

Сонымен бірге өз учаскесі бойынша мектепте немесе балабақшада вакцинациядан немесе ревакцинациядан өте алмаған балаларға екпе салдыруға болады.

ТМККК аясында балаларға вакцинадан бөлек, шұғыл медициналық көмек, бастапқы медициналық-санитариялық көмек, сондай-ақ созылмалы және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу мен бақылау қолжетімді.

«Жазда оқу жүктемесі болмайтындықтан, балалардың бос уақыты көбірек болады. Сондықтан бұл денсаулыққа көңіл бөлуге өте қолайлы кезең. Мысалы, медициналық көрсеткіштер болған жағдайда МӘМС аясында оңалту курсынан өтуге болады. Оған физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру және басқа да реабилитациялық шаралар кіреді. Мұның бәрі – реабилитолог-дәрігер диагноз бен қарсы көрсеткіштерге сүйене отырып белгілейтін қызметтер», – деп атап өтті Сәуле Тәжібаева.

Бұдан бөлек, демалыс кезінде оқушылар қандай да бір денсаулыққа қатысты шағымдар болса, офтальмолог, ЛОР, хирург, тіс дәрігері сынды бейінді мамандардан кеңес ала алады. Қажет болған жағдайда зертханалық анализ, УДЗ, ЭКГ, рентген, КТ, МРТ сияқты диагностикалық зерттеулерден өтеді. Ем амбулаториялық деңгейде де, күндізгі немесе тәулік бойғы стационарда да жүргізілуі мүмкін. Мұның барлығы МӘМС жүйесі аясында тегін ұсынылады.

30.05.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу