15 қарашада Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекеттік кеңесінің екінші отырысы аясында екі ел президенттерінің қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры арасындағы мемлекеттік және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум бар.
Құжат негізгі бағыттар бойынша серіктестік қатынастарды дамыту мен тәжірибе алмасуды көздейді:
- міндетті медициналық сақтандыру саласындағы заңнаманы жетілдіру;
- медициналық қызметтерді жоспарлау, тарифтеу және төлеу;
- цифрлық ақпараттық платформаларды құру және дамыту.
Меморандумға қол қою 2025 жылғы 13–17 қазан аралығында Ташкентте өткен «Қазақстан медицинасы күндері» аясында жасалған келісімдердің нәтижесі болды.
Қазақстан делегациясы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Кұлсейітовтың бастауымен жұмыс кездесулерін өткізді, онда екі елдің медициналық сақтандыру жүйесіне арналған презентациялар көрсетілді. Нәтижесінде ұзақмерзімді серіктестік құру және денсаулық сақтау саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайту туралы ортақ шешім қабылданды.

17.11.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026