1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
2024 жылы Қор медициналық ұйымдарға шамамен 2,1 трлн теңге төледі. Бұл биылғы медициналық көмекті қаржыландырудың жалпы көлемінің 79%-ын құрайды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарды қаржыландырудың барысы туралы есеп берді. Бүгінде ел бойынша амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда шамамен 2 трлн 122 млрд теңге төленді.

«20 қарашадағы жағдай бойынша қаңтардан қазан айына дейін көрсетілген қызметтер үшін 1959 медициналық ұйымға төлем жасалды. Бұл ретте, 1-тоқсандағы медициналық қызметтерге төлем 100% құраса, сәуірден қыркүйекке дейінгі кезең бойынша 95% төленді. Қазір қазан айына төлем жасау жұмыстары жүргізілуде, ал желтоқсан айының басында қараша айын жабу бойынша жұмыс басталады. Яғни қаржыландыру кезеңдері қалпына келтірілді және ай сайынғы негізде жалғасады», - деп мәлімдеді ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.

Алдында хабарланғандай, 2024 жылдың басынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері жетілдірілу үстінде. Осыған байланысты медициналық қызметтерге ақы төлеу кешірек басталды. Қор өз тарапынан медициналық көмекті үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.
21.11.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу