1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Сәбит Ахметов жергілікті медициналық қауымдастықпен жиын өткізді. Іс-шара аясында бірқатар өзекті мәселе көтерілді. Олардың ішінде сызықтық шкаланы қолдану, медициналық қызметтердің кейбір түрлеріне арналған тарифтердің төмендігі, сондай-ақ МӘМС жүйесін дамыту жоспары талқыланды.

Көптеген медициналық ұйымды қаржыландыруды бөлу мәселесі алаңдатады. Медициналық көмекті жоспарлау өткен жылдардағы тұтыну талдауына сәйкес жүргізілетіні көпшілікке мәлім. Пандемия кезінде ковид стационарлары ретінде жұмыс істеген кейбір ауруханаларда негізгі профильдер бойынша емделген жағдайлардың саны төмен болып, дәл сол көлемге қаражат алды. Ал қазір Қор басшысы атап өткендей, қаржы кереуеттер санына қарап емес, бөлінген бюджет пен көрсетілген медициналық қызметтерді талдау негізінде бөлінеді.

Өңірлік комиссия өзге қадамдарға бара алмайды. Сондай-ақ халықты МӘМС жүйесімен қамту жағы талқыланды. Дәрігерлер өздері бұл мәселемен айналыспау керектігін, олардың миссиясы адамдарды емдеу екенін атап өтті. Бұл мәселе жергілікті биліктің құзырында болуы керек.

Сәбит Ахметов аталған медициналық ұйымдардың тәжірибесін зерделей келе, уәкілетті органдарға хабарлау арқылы Қор ықпал ете алатын бірнеше мәселені өзіне түртіп алды. Олардың ішінде полижарақатқа және жалпы медициналық қызметтердің негізгі түрлеріне тарифтерді көтеру, стационарларда емделу кезінде нақты шығындарды қосу, кредиторлық берешекті төмендету үшін шығыстарды оңтайландыру жолдарын зерделеу бар. Ол міндеттер арасында медициналық көмектің жекелеген түрлерін қаржыландыруды талдау, НҚА өзгерістерін инициализациялау қажеттілігін атап өтті.

«Әр өңірдің өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ қордаланған мәселелері бірдей. Ең алдымен, бұл медициналық көмектің кейбір түрлері мен профильдері бойынша тарифтердің төмендігіне қатысты. Жедел жәрдем станцияларының қызметтеріне қойылған тариф олардың шығындарын жабуға мүмкіндік бермейді. Екінші мәселе – стационарлардағыдай сызықтық шкаланы қолдануды алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда консультативтік-диагностикалық қызметтерге енгізу. Бұрын көлемдер келісімшарт қосымшасына сай ай сайын бөлінетін, бірақ біз жылдық көлемді бақылап келдік. Енді жоспардың ай сайын сақталуын көре аламыз және көлемі артқан кезде оны кесіп тастаймыз. Үшінші мәселе – медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі. Олардың пайда болуына бірнеше себеп бар. Үкіметтің №1193 Қаулысы шеңберінде жыл сайын жалақыны өсіреді. Бұл шығындардың 80%-ға жуығы еңбекақыны төлеу қорына кетіп, ал басқа міндеттерге ақшаның жеткіліксіз болуына әкелді. Дәрі-дәрмектердің, шығын материалдарының және коммуналдық қызметтердің бағасының өсуі де себеп болып отыр. Өз бюджетін тиімсіз пайдалану салдарынан кредиторлық берешек пайда болған жағдайлар да кездеседі. Мысалы, бірнеше айға дәрі-дәрмектің қосымша қорларын алатын кезде МӘМС ақшасы есебінен миллиард теңгеге ауыр техника сатып алып, штатты қысқартудың орнына, қаржыландыруды жалғастыра берген», – деп сөзін түйіндеді Сәбит Ахметов.

Ол алдағы жоспарлар туралы да айтты. Бұрын медициналық ұйымдарда ақпараттық жүйелерге қызмет дұрыс енгізілмеген кезде мәселе туындайтынын айтатын. Мысалы, жүйеге балаларды профилактикалық тексерулердің нәтижесі баланың туған күніне сай енгізіледі және оған дейін қорытындысын жазу мүмкін емес. Нәтижесінде медициналық қызметкер бұл ақпаратты 4-5 айдан соң салуы мүмкін. Ал баланың ата-анасы осы уақытта қабылдауда болмағанын алға тартып, мұны жалған жазбаға теңейді. Осындай өтініштер бойынша Қор талдау жүргізіп, ақпараттық жүйеде осыған ұқсас мәселелерді анықтады.

«Біз қазір Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан жүйелік міндеттерге келетін болсақ, бұл ТМККК және МӘМС пакеттерінің аражігін ажырату. Кейде пациент бір ауру коды бойынша келіп түседі, ал емдеу барысында ол өзгеруі мүмкін. Соған байланысты қаржыландыру көзі басқаша болады. Естеріңізде болса, жылдың басында Жоғары аудиторлық палатаның нұсқауымен қорытынды диагноз бойынша дереккөзді қайта анықтап, ақшаны кесу басталды. Пациент медициналық ұйымға МӘМС шеңберінде түссе, операция жасалған соң, ТМККК-ге ауысып жатады. Ақпарат өзгергесін, оған қаражат қарастырылмайды және бұл сома кесіледі. Біз осындай шаралардан кейін кейбір стационарлар емдеуге жатқызуды, оның ішінде шұғыл емдеуді тоқтатқанын көрдік. Сондықтан біз Жоғары аудиторлық палатамен келіссөздер жүргіздік, сәуір айынан бастап қайта анықтау тоқтатылды. Сондай-ақ біртұтас пул құру, яғни қаржыландыру көзіне қарамастан келісімшарттарды біріктіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл дәрігерлерге түсетін жүктемені азайтып, уақытты үнемдеу үшін қажет», – деді Қор басшысы.

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова шаһардың денсаулық сақтау саласының дамуы және медициналық ұйымдардағы жөндеу жұмыстары, жабдықтар сатып алу шаралары туралы айтып берді.

Сапар қорытындысы бойынша Сәбит Ахметов басқа өңірлер Алматы қаласының медициналық ұйымдарының менеджментін меңгеруге тиіс екенін атап өтті. Олар пациенттердің көп ағынына, халықтың өз құқығын жақсы біліп, соған сай талап етуіне, медициналық қызметтер нарығындағы жоғары бәсекеге қарамастан пациенттерді ұстап қалу және кредиторлық берешектің өсуіне жол бермеу үшін уақытылы басқару шешімдерін қабылдайды.

31.08.2023
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу