1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
ОПРЕДЕЛЕНЫ ЛУЧШИЕ ПОЛИКЛИНИКИ В РЕГИОНАХ
«МСАК көшбасшысы» конкурсының қорытындысы шығарылды. Оған алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерін көрсететін барлық жеткізушілер қатысты, яғни 359 мемлекеттік және 337 жеке медициналық ұйым. Әр өңірде үздіктерді анықтады. 2025 жылғы 1 тамыз бен 30 қараша аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалдары еліміз бойынша «МСАК көшбасшысы» республикалық конкурсын өткізді. Ол алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыруға және МӘМС жүйесінде пациенттермен коммуникацияны дамытуға бағытталған.

Бағалау бес индикатор бойынша жүргізілді.

№1 индикатор. МӘМС жүйесімен қамту деңгейін арттыру Емханаларға МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтарды тарту міндеті қойылды. Конкурс басталған кезде (1 тамыздағы жағдай бойынша) ел бойынша 3 436 805 сақтандырылмаған азамат тіркелген. Оның қорытындысы бойынша (30 қарашадағы жағдай бойынша) олардың 563 076-сы МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін алды.

Қамту деңгейінің ең жоғары өсімі Атырау облысында (22%), ал ең төмен динамика Жамбыл облысында (13,46%) тіркелді.

№2 индикатор. МӘМС жүйесінің артықшылықтары, жұмыс істеу қағидаттары, жарналар мен аударымдарды төлеу тәртібі туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдар жариялау Бұл индикатордың мақсаты – халықтың МӘМС жүйесі туралы хабардарлығын арттыру. Конкурсты іске асыру барысында қатысушылар тарапынан БАҚ пен әлеуметтік желілерде 8 554 материал жарияланды, бұл бір өңірге орта есеппен 427 жарияланымнан келеді.

Жарияланымдардың ең көп саны Түркістан облысында (1331), ал Ақмола облысы (43) мен Жетісу облысында (26) аз ақпарат тіркелді.

№3 индикатор. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тіркелген халық арасында МӘМС, пациенттерді қолдау қызметі және ішкі бақылау жұмысы бойынша сауалнама жүргізу Бұл индикатордың мақсаты – пациенттерді қолдау қызметі мен ішкі бақылау жұмысы туралы халықтың хабардарлығын арттыру, бұл өз кезегінде денсаулық сақтау субъектісінің имиджі мен беделін жақсартуға ықпал етеді. Пациенттер емханаларда мұндай қызметтің бар екенін біліп, «осында және қазір» қағидаты бойынша жүгінген жағдайда, медициналық көмектің сапасын арттыруға және Қорға келіп түсетін шағымдар санын азайтуға мүмкіндік пайда болады.

Осы индикаторды бағалау үшін конкурсқа қатысушылар пациенттер арасында қызметке қанағаттану деңгейі бойынша сауалнамалар жүргізді. Жалпы 136 271 респондент қамтылды, 20 өңір бойынша орташа қанағаттану деңгейі 81% құрады.

№4 индикатор. МСАК денсаулық сақтау субъектісіне, Қор филиалына келіп түскен шағымдар саны Мақсаты – шағымдар санын азайту болды және бұл мақсатқа қол жеткізілді: ел бойынша өтініштер саны 2025 жылғы сәуір–шілде айларындағы 7 223-тен 2025 жылғы тамыз–қараша айларындағы 6 081-ге дейін қысқарды, яғни 1 142 шағымға немесе 15,81%-ға азайды.
Түркістан (28,13%), Атырау (26,74%), Ақтөбе (26,63%), Солтүстік Қазақстан (26,26%) және Ақмола (24,38%) облыстарында шағымдардың төмендеуі байқалды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында (24,33%), Абай облысында (22,76%) және Шымкент қаласында (20,84%) оң динамика тіркелді.

Ал Қостанай (1,88%), Қарағанды (5,31%), Ұлытау (5,80%), Маңғыстау (7,12%) облыстарында және Алматы қаласында (8,52%) орташа көрсеткіш тіркелді. Жетісу облысында (1,04%) шағымдар санының өсуі байқалды. Өтініштердің себептері мен кері байланыстың сапасына талдау жүргізу қажет.

№5 индикатор. Диспансерлік есепте тұрған тұлғалар арасында шұғыл түрде ауруханаға жатқызу үлесін азайту Қатысушылар диспансерлік есепте тұрған пациенттер (артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бронхиалдық астма) арасында шұғыл ауруханаға жатқызу үлесін азайтуы тиіс болды. Ол үшін амбулаториялық деңгейде уақтылы шаралар қабылдау маңызды.

Нәтижесінде ел бойынша аталған пациенттердің шұғыл түрде ауруханаға жатқызылу саны 184 525-тен 181 471 жағдайға дейін азайды, яғни 3 054 жағдайға немесе 1,66%-ға төмендеді. Өңірлер бойынша динамика біркелкі емес: 12 филиалда өсім, 8 филиалда төмендеу байқалды.

Ең жоғары төмендеу Атырау (34,22%), Қызылорда (22,17%), Батыс Қазақстан (17,88%) облыстарында, сондай-ақ Жамбыл, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында тіркелді. Ауруханаға жатқызу саны артқан өңірлерде (Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Ақмола) терең талдау жүргізу, профилактикалық жұмысты күшейту және көшбасшы өңірлердің үздік тәжірибелерін тарату қажет.

Төменде әр өңір бойынша конкурс жеңімпаздары жазылды.

«МСАК КӨШБАСШЫСЫ – 2025» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ Алматы қаласы 1 орын – «№26 қалалық емхана»
2 орын – «№27 қалалық емхана»
3 орын – «№4 қалалық емхана»

Шымкент қаласы 1 орын – «№6 қалалық емхана»
2 орын – «№2 қалалық емхана»
3 орын – «Алинур и К» ЖШС

Астана қаласы 1 орын – «№4 қалалық емхана»
2 орын – «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы» ЖШС
3 орын – «№7 қалалық емхана»

Ақмола облысы 1 орын – «Астрахан аудандық ауруханасы»
2 орын – «Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасы»
3 орын – «Жанұя» Қазақстандық әлеуметтік-медициналық компаниясы» ЖШС

Ақтөбе облысы 1 орын – «№6 қалалық емхана»
2 орын – «№3 қалалық емхана»
3 орын – «Қарғалы аудандық ауруханасы»

Алматы облысы 1 орын – «Қонаев қаласының көпсалалы қалалық ауруханасы»
2 орын – «Алат С» ЖШС
3 орын – «Шелек ауылының №1 Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы»

Атырау облысы 1 орын – «Салимжан и К» ЖШС
2 орын – «№7 Атырау қалалық емханасы»
3 орын – «Достар мед престиж» ЖШС

Шығыс Қазақстан облысы 1 орын – «Ем алу плюс» ЖШС
2 орын – «Өскемен қаласының №1 емханасы»
3 орын – «Катонқарағай аудандық ауруханасы»

Жамбыл облысы 1 орын – «№5 қалалық емхана»
2 орын – «Байзақ аудандық орталық ауруханасы»
3 орын – «Шу қалалық емханасы»

Жетісу облысы 1 орын – «Алакөл аудандық орталық ауруханасы»
2 орын – «Ақсу аудандық орталық ауруханасы»
3 орын – «Көксу аудандық орталық ауруханасы»

Батыс Қазақстан облысы Гран-при – «№1 қалалық емхана»
1 орын – «Бөрлі аудандық ауруханасы»
2 орын – «Қазталов аудандық ауруханасы»
3 орын – «Қаратөбе аудандық ауруханасы»

Қарағанды облысы 1 орын – «Қарағанды қаласының №5 емханасы»
2 орын – «Нұра аудандық ауруханасы»
3 орын – «JusanMed» ЖШС

Қостанай облысы 1 орын – «Рудный қалалық емханасы»
2 орын – «Арқалық өңірлік ауруханасы»
3 орын – «Рудный қаласының №2 емханасы» ЖШС

Қызылорда облысы 1 орын – «№6 қалалық емхана»
2 орын – «№4 қалалық емхана»
3 орын – «Шиелі көпсалалы аудандық орталық ауруханасы»

Маңғыстау облысы 1 орын – «№2 Ақтау қалалық емханасы»
2 орын – «Мұнайлы аудандық ауруханасы»
3 орын – «Жетібай ауылдық ауруханасы»

Абай облысы 1 орын – «Жарма аудандық ауруханасы»
2 орын – «Жан-Ер» ЖШС
3 орын – «Семей қаласының №7 емханасы»

Ұлытау облысы 1 орын – «Макенбаева» ЖШС
2 орын – «Жаңаарқа аудандық көпсалалы орталық ауруханасы»
3 орын – «Жәйрем кентінің ауруханасы»

Павлодар облысы 1 орын – «Май аудандық ауруханасы»
2 орын – «Павлодар теміржол ауруханасы» ЖШС
3 орын – «Екібастұз қаласының №3 емханасы»

Солтүстік Қазақстан облысы 1 орын – «Явленка аудандық ауруханасы»
2 орын – «Ақжар аудандық ауруханасы»
3 орын – «Уәлиханов аудандық ауруханасы»

Түркістан облысы 1 орын – «Төле би аудандық ауруханасы»
2 орын – «Отырар аудандық орталық ауруханасы»
3 орын – «Асықата» Жетісай аудандық ауруханасы»
29.12.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу