1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Емханаға не үшін тіркелу керек?

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС аясында медициналық көмек алу үшін емханаға тіркелу керек. Белгілі бір медициналық мекемеге тіркелген соң, денсаулығыңызға қатысты қандай да бір шағым болса емдеуді тағайындау немесе одан әрі тексерілуге жолдама алу үшін өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге бара аласыз.

Пациент медициналық көмек алу үшін алдымен учаскелік дәрігерге (терапевт/ жалпы тәжірибе дәрігері/ педиатр) барады. Ол қабылдауға келген адамның денсаулық жағдайын бағалап, анамнез жинап, алдын-ала диагноз қояды. Кейбір жағдайларда емдеуді тағайындап, бейінді маманға жолдама береді.


Қайда тіркелуге болады?

Азаматтар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін клиникаларға тіркеле алады. Оған қалалық емханалар, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер, отбасылық денсаулық орталықтары кіреді. Бұл медициналық ұйым алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасады.

Жеке тұлғалар тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша өз еркімен бір клиниканы таңдай алады.


Жекеменшік клиникаға тіркелуге бола ма?

Иә, жыл сайынғы науқан кезінде мемлекеттік қана емес, жекеменшік клиникаларға да тіркелуге болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдардың меншік нысанына қарамастан алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасады.

2024 жылға арналған тіркеу науқанына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 745 ұйым қатысады, оның жартысынан көбі (385) жекеменшік болып табылады.

Менің рұқсатымсыз мені басқа емханаға тіркей ала ма?

Денсаулық сақтау басқармалары азаматтар үшін қадамдық қолжетімділік қағидатын ескере отырып, халыққа қызмет көрсету аумағын медициналық ұйымдар бойынша қайта бөле алады. Осы ретте емхана қызметкерлері тіркелген адамдарға телефон арқылы (базада нөмірі көрсетілген жағдайда) жазбаша немесе басқа тәсілмен хабарлау керек. Комиссияның шешімімен келіспесе, басқа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымға тіркеуге өтініш бере алады.

Егер өтініш бермесеңіз де, емханаңыздың ауысқанын байқасаңыз, алдымен денсаулық сақтау басқармасына хабарласуыңыз керек. Егер бұл аймақтық комиссияның шешімі болмаса, ресми шағым бере аласыз.

 

Егер жаңа емхананың жұмысы көңілімнен шықпаса ше?

Пациент 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа емханада қызмет ала бастайды. Егер медициналық көмек алу барысында бір нәрсе көңіліңізден шықпаса, еркін таңдау құқығын пайдалана аласыз. Яғни, жылына бір рет тіркеу науқанынан тыс кезде емхананы ауыстыруға болады.


Емхананы қаншалықты жиі ауыстыруға болады?

Пациент келесі жағдайларда емханасын ауыстыра алады:

1)    тұрғылықты жерін ауыстырған кезде;

2)    бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде емхананы еркін таңдау кезінде;

3)    15 қыркүйек пен 15 қараша аралығындағы тіркеу науқаны кезінде;

4)    өңірлік комиссияның ұйғарымымен емханаға тіркегеніне келіспеген жағдайда;

5)    емхана алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, сонымен бірге емхананы қайта ұйымдастыруға, таратуға байланысты;

6)    егер емхана Қормен шарт жасаспаса /шартты бұзған жағдайда/ медициналық қызметтер көлемін алмаса;

7)    қызмет көрсету аумағында жаңа клиникалар пайда болған кезде.


Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникасындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады:

• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

• fms.kz ресми сайты

• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot

• 1414 байланыс орталығы

Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

13.11.2023
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу