1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Шілде айының соңына дейін барлық өңірлерге қосымша қаржы бөлінеді. Бұл ретте Қызылорда облысының медициналық ұйымдарын қолдауға 5,2 млрд теңге бағытталған. Бұл туралы медициналық қауыммен кездесу барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Сәбит Ахметов айтты.

Бүгінгі таңда кредиторлық берешек барлық өңірлер үшін ортақ өзекті мәселе. Жалпы Қазақстан бойынша борыштық жүктеме шамамен 87 млрд теңгені құрады, оның 4,4 млрд теңгесі Қызылорда облысының 20 мемлекеттік медициналық ұйымына тиесілі.

Сәбит Ахметов бас дәрігерлермен кездесу барысында атап өткендей, бұл мәселені шешу Қордың тікелей құзырына кірмейді, бірақ ӘМСҚ-ның тарапынан көмек көрсетіледі. Шілде айының соңына дейін барлық өңірлерге шамамен 60 млрд теңге қосымша қаржы бөлу жоспарлануда, оның 5,2 млрд теңгесі медициналық ұйымдар бойынша одан әрі бөлу үшін Қордың Қызылорда облысы бойынша филиалына жіберіледі.

Бұдан басқа, Қор Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп сызықтық шкалаға байланыстырмай толық немесе ішінара қор ұстау туралы мәселені қарастырады. Бұл әрбір тіркелген адам үшін амбулаториялық-емханалық буын қызметтеріне жан басына шаққандағы ақы төлеу әдісі. Бірақ бұл үшін тұтынуды толық талдау және тиісті есептерді дайындау қажет. Бұл барлық бизнес-процестерді толық цифрландыру мен автоматтандырудан және медициналық ақпараттық жүйелерден деректерді бірыңғай дерекқорға біріктіруден кейін ғана мүмкін болады. Бұл бағытта, Қор басшысы атап өткендей, Денсаулық сақтау министрлігі қазірдің өзінде ауқымды жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда, eDensaulyq бірыңғай платформасы дайындалуда, ол 2024 жылдың қаңтарына дейін іске қосылуы тиіс.


Сондай-ақ, медициналық көмектің аса маңызды бағыттарының жекелеген түрлері бойынша тарифтерді қайта қарау жоспарлануда.

Осы уақытта бас дәрігерлердің алдындағы міндет, ол өз бизнес-процестерін дұрыс құру және кредиторлық берешек бойынша жағдайды теңестіру үшін ішкі резервтерді табу, мысалы, қызметкерлер штатын және өз шығындарын оңтайландыру арқылы, алайда бұл әрекеттер көрсетілетін медициналық сапасына зиян келтірмеуі қажет.


Айта кетейік, сапар аясында Сәбит Ахметов Сырдария аудандық ауруханасының «Ақжарма» дәрігерлік амбулаториясына, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына, ЖШС «Alexey Sultan-Akhmet» емханасына, көпсалалы облыстық балалар ауруханасына, «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығына, «University Medical Center» корпоративтік қоры филиалының балаларды оңалту орталығына барды, онымен бірге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов пен Қор филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов жүрді.


«Көтерілген әрбір мәселе мұқият зерделеніп, қажет болған жағдайда ағымдағы жылдың жұмыс жоспарына енгізіледі», – деді Сәбит Ахметов аталған медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерімен кездесу барысында.

Еске салайық, бұған дейін медициналық сақтандыру қорының басшысы Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында болған. Бұл орайда Қызылорда облысы Қор Төрағасы аралаған сегізінші аймақ. Жақын арада Түркістан және Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Шымкент қаласына бару жоспарлануда.

27.07.2023
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу