1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде. Қазір Қор тарапынан денсаулық сақтау саласын қаржыландыру тетіктерін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Оның басты мақсаты – МӘМС жүйесі қаражатын пайдалану кезінде ашықтықты, басқаруды және тиімділікті арттыру.

Qalqan денсаулық сақтауды қаржыландырудың бірыңғай порталы - аталған жұмыстың технологиялық негізі болмақ.

Платформа медициналық қызметтерді есепке алу, тексеру және төлеу сияқты қаржылық үрдістерді автоматтандыруға арналған. Бұл ретте ол медициналық ақпараттық жүйелерді алмастырмайды және емдеу-диагностикалық процестеріне әсер етпейді.

Сонымен қатар, платформаны енгізу қолданыстағы мемлекеттік цифрлық инфрақұрылым негізінде жүзеге асырылатынын және денсаулық сақтау жүйесі үшін қосымша шығындарды талап етпейтінін атап өткен жөн.

«Қазіргі таңда Қордың қызметі толық емес, тек жекелеген бағыттар бойынша ғана цифрландырылған әрі жүйесіз сипатта жүзеге асырылып отыр. Қолданыстағы ақпараттық жүйелер жекелеген үдерістерді автоматтандырғанымен, олардың арасында өзара байланыс жеткіліксіз. Соның салдарынан операциялардың біршама бөлігі әлі де қолмен орындалып, негізгі шешімдер әртүрлі, өзара үйлеспейтін деректерге сүйене отырып қабылданады. Осы ретте Қордың алдында басқарудың толыққанды цифрлық моделіне көшу міндеті тұр, – деп атап өтті Индира Ерденова.

Qalqan платформасын іске қосу Қордың әдіснамалық қолдауымен «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ тарапынан кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Бірінші кезеңде келесі жұмыстар атқарылды: – деректерді автоматты түрде тексере отырып, медициналық ұйымдардың электрондық дерекқорын қалыптастыру; – пациенттерді цифрлық сәйкестендіру жүйесі (Face ID, QR арқылы растау) іске қосылды; – денсаулық сақтау саласындағы негізгі ақпараттық жүйелермен интеграция қамтамасыз етілді.

Осы жылдың 17 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің «№1 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-не көрсетілген қызметтер үшін төлем Qalqan платформасы арқылы жүзеге асырылды. Екінші кезеңде жүйені кең ауқымда енгізу, медициналық ұйымдарды санаттарға бөлу алгоритмдерін іске қосу және сол санаттарға сәйкес қаржыландыру, сондай-ақ талдау және болжау құралдарын, оның ішінде ақауларды бақылау мен талдауға арналған жасанды интеллект элементтерін енгізу жоспарлануда. Бұл жұмыстар 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.

«Qalqan платформасын енгізу – бұл жай ғана IT құралын ауыстыру емес, денсаулық сақтау ресурстарын басқарудың сапалы жаңа деңгейіне көшу. Біз алдын ала бақылауды енгізіп отырмыз: жүйе шот қалыптастыру кезеңінде-ақ сәйкессіздіктер мен ақауларды автоматты түрде анықтайды. Адал жұмыс істейтін клиникалар «жасыл дәліз» деп белгіленіп, соған сай төлемдерді уақытылы алса, мемлекет үшін МӘМС қаражатының нақты көрсетілген медициналық көмекке жұмсалуына кепілдік береді», – деп атап өтті Индира Ерденова.

Ең маңызды жаңашылдықтардың бірі – «халықтық бақылау» құралдарын іске қосу болмақ. Осы бағытта Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, eGov Mobile қосымшасында арнайы сервистерді енгізу жұмыстарын жүргізуде.

Азаматтар үшін қандай өзгерістер болады:
– QR арқылы растау: Пациент көрсетілген қызметті QR-код арқылы растай алады. Бұл «жалған жазбаларға» тосқауыл қояды, себебі көрсетілмеген қызмет үшін төлем жасау мүмкін болмайды.
– Қызметтердің цифрлық профилі: Жеке кабинетте нақты адамға көрсетілген медициналық қызметтер үшін Қор тарапынан жасалған төлемдер туралы ақпарат болады.
– Кері байланыс: Азаматтар өтініштерді жедел жолдап, артық немесе қате аударылған жарналарды смартфон арқылы қайтару мүмкіндігіне ие болады.

Қорда атап өткендей, Qalqan платформасы қолданыстағы мемлекеттік инфрақұрылым негізінде (ҚР Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі) енгізілуде, бұл денсаулық сақтау бюджетіне қосымша салмақ түсірмейді.

Деректер қауіпсіздігі – басты басымдықтардың бірі. Платформа диагноздар мен емдеу барысы туралы мәліметтерді сақтамайды – бұл ақпарат медициналық ұйымдардың қорғауында қалады. Qalqan тек қорғалған мемлекеттік байланыс арналары арқылы қаржылық-талдамалық деректермен жұмыс істейді. Qalqan платформасы МӘМС жүйесінің «цифрлық қалқанына» айналуда. Ол пациенттердің құқықтарын қорғап, қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді, адал бизнеске төлемдерді автоматтандыру арқылы қолдау көрсетеді және мемлекетке денсаулық сақтау саласындағы шығындарды тиімді бақылауға мүмкіндік береді.

24.04.2026
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу