1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
2025 жылдың маусым айында МӘМС қаражаты есебінен жүргізілген он бірегей әрі күрделі операцияны жинап шықтық. Алматы облысында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды  Облыстық балалар клиникалық ауруханасына сәби ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер баладан геморрагиялық типтегі жіті ми қан айналымының бұзылысын анықтаған.

«Науқас ауыр халде жеткізілді. Краниотомия, яғни субдуралдық ісікті дренаждау отасын жасауға шешім қабылданды. Қуанышымызға орай бәрі сәтті аяқталды», - дейді отаны жүргізген нейрохирург Рахим Ахмаров.

Сәби 12 күннен кейін қанағаттанарлық жағдайда үйіне жіберілді. Қазіргі таңда оның дені сау, жасына сай дамып келеді.

Таразда шала туған нәрестенің көзіне ота жасалды 12 сәуірде жүктіліктің 28-аптасында салмағы небәрі 845 грамм болатын сәби дүниеге келді. Нәресте 1,5 айында жоспарлы скрининг кезінде шала туған балалар арасында жиі кездесетін көздің тор қабығы ауруы — ретинопатияның III сатысы анықталды.

Перинаталдық орталықтың офтальмолог мамандары тор қабыққа лазерлік коагуляция жасап, көз арты аймағына «Луцентис» препаратын енгізді.

Жоғары технологиялы медициналық көмектің нәтижесінде сәбидің жағдайы жақсарып, тұрақталды.

Биыл орталықта алғаш рет шала туған сәбилерге ретинопатияға қарсы операциялар жасала бастады. Бұған дейін мұндай балалар Алматыға жіберілетін.

Алматыда науқастарға электродсыз кардиостимулятор орната бастады №7 қалалық клиникалық ауруханада созылмалы жүрек кемістігін емдеуге арналған шеберлік сағаты аясында 50 жастан асқан бірнеше пациентке заманауи электродсыз кардиостимулятор сәтті орнатылды.

Жаңа құрылғы тамыр арқылы жүрекке тікелей орнатылады және пациентке білінбейді. Ол мобильді қосымшамен байланыстырылады, оның көмегімен емдеуші дәрігер нақты уақыт режимінде пациенттің жағдайын қадағалайды, дабыл белгілерін көреді және кенеттен асқыну болған жағдайда шұғыл әрекет етеді.

Яғни бұл – тек жай ғана ыңғайлы технология емес, адам өмірін құтқарушы құрал. 
Фото есть

Павлодарлық дәрігерлер жасөспірімнің зақымданған бүйрегін қайта қалпына келтірді 13 жастағы Дінмұхамед Әлімов бордюрге құлап, ішінен ауыр жарақат алған. УДЗ және КТ нәтижесінде көкбауыр мен сол жақ бүйректің жыртылғаны анықталған.

Оған шұғыл операция жасалып, қан кету тоқтатылып, ағзалар сақталып қалды. Екі күн жансақтау бөлімінде бақылауда болғаннан кейін хирургия бөліміне ауыстырылды. 13-ші күні амбулаторлық бақылауға шығарылды.

– Қазір бала өзін жақсы сезінеді, тек үш айға дейін физикалық жүктемеден шектеу қойылған. Ең бастысы – көкбауыр мен бүйрек сақталып, мүгедектікке жол берілмеді, – дейді балалар хирургі Едіге Қабиденов.

Жетісу облысында алғаш рет иық буынына эндопротездеу отасы жасалды Талдықорғандағы Hak Medical медициналық орталығында иық буынын ауыстыру бойынша жоғары технологиялық ота жасалды. Өңірде осындай ем алған алғашқы пациент — ауыр жарақат алған 77 жастағы Вера Матвеева.

«Науқас иық буынының ауыр жарақатымен түсті. Консервативті ем нәтиже бермейтін болғандықтан, эндопротездеу отасын жасау туралы шешім қабылданды. Отадан кейінгі келесі күні-ақ оң динамика байқалды. Бұл пациенттің қалыпты өмір салтына оралуына мүмкіндік берді», - дейді травматолог Арман Байболов.

Отадан кейін пациенттер оңалту курсынан өтіп, аз уақыт аралығында қол қимылы қалпына келеді, ауырсыну жойылып, күнделікті белсенді өміріне қайта оралады.

Алматы облысында маржан тәрізді тасы бар балаға сәтті ота жасалды Облыстық клиникалық ауруханаға ішінің ауыруына шағымданған 9 жастағы бала түсті. Тексеру барысында оның сол жақ бүйрегінен маржан тәрізді тас анықталды — бұл несеп-тас ауруының ең күрделі түрлерінің бірі.

Мұндай тас бүйректің тостағанша-түтікше жүйесін толықтай толтырғанымен, ағзаның қызметіне әсер етпеген. Дәрігерлер бүйректі сақтап қалуға бағытталған операция жасау туралы шешім қабылдады.

Ота кезінде тас алынып, несепағардағы тарылу жойылды және реконструкциялық шаралар жүргізілді. Операцияны уролог Бауыржан Джанзақов сәтті орындады.

Шымкентте 5 жастағы балаға күрделі аденотомия отасы сәтті жасалды Балада аденоидтардың 3-дәрежелі гипертрофиясы анықталған. Яғни, мұрын-жұтқыншақ аймағындағы лимфоидты тін шамадан тыс өсіп, баланың еркін тыныс алуына кедергі келтірген.

Мұндай жағдайда есту мүшесіне де қауіп төнеді. Балада экссудативті отит – құлақ қуысына сұйықтық жиналу дерті анықталған. Осыған байланысты қосымша құлаққа да ота жасалды. Бұл баланың болашақта есту қабілетінің нашарлауын болдырмау үшін жүргізіледі.

Ота ұзақтығы шамамен 20 минут және жалпы анестезиямен жүргізіледі. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Мұндай медициналық көмек түрі МӘМС аясында көрсетілді.

Алматыда қолында сегіз саусағы бар балаға ота жасалды №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында балалардың туа біткен және жүре пайда болған қол мен жоғарғы аяқ-қол патологияларына реконструктивті оталар бойынша халықаралық деңгейдегі шеберлік сабағы өтті. Санкт-Петербургтен шақырылған хирург Сергей Голянның жетекшілігімен қазақстандық балаларға 8 күрделі ота жасалды.

Науқастардың бірі – небәрі бір жастағы сәби. Оның қолында сирек кездесетін патология — сегіз саусақ болған. Мамандар артық саусақтарды алып тастап, балаға қолын еркін пайдалану мүмкіндігін қайтарды.

«Бұл – біз үшін шын мәнінде ғажап жағдай. Осындай күрделі ем Алматыда көрсетіледі деп ойлаған жоқпыз», – дейді баланың анасы.

Қызылордалық дәрігерлер пациенттен сирек кездесетін ісікті алып тастады  Көпбейінді облыстық ауруханада құрсақ қуысы артындағы үлкен ісікті алып тастау бойынша ота жасалды.

56 жастағы Алтынбек Фазыловты бүйрегі мазалап жүргеніне біраз болған. Соңғы бес жылда дәрігерлер ондағы түзілісті алу үшін үш рет ота жасаған. Жуырда хирургтар құрсақ қуысы артынан 25 сантиметрлік ісікті алып тастады. Дәрігерлердің айтуынша, бұл өте сирек кездесетін түзіліс — мұндай жағдайлар барлық науқастардың небәрі 1%-ында ғана кездеседі.

Пациент емін жүйелі түрде жалғастырса, мұндай түзіліс қайтадан пайда болмайды. 

Семейде варикозбен ауыратын науқасқа лазерлік ота сәтті жасалды 59 жастағы Шолпан Кучубаева 30 жылдан астам уақыт бойы аяғында ауырсыну, ісіну және құрысудан зардап шеккен. «Жан-Ер» орталығында оған варикозды емдеуге арналған заманауи, аз инвазивті ота сәтті жасалды.

Алғашқы күндерден-ақ пациент өзін жақсы сезіне бастағанын атап өтті. Алдағы уақытта ол дәрігерлердің бақылауында болады.

Варикоз – ең кең таралған тамыр ауруларының бірі. Бүгінде МӘМС жүйесі мен жаңа технологиялардың арқасында тиімді ем аймақтарда да қолжетімді болып отыр.
18.07.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу