1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Жүктілік – денсаулыққа ерекше назарды қажет ететін кезең. Осы ретте, көптеген болашақ аналарды «МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін алу, жарна төлеу қажет пе,қандай медициналық қызметтерді тегін алуға болады» деген сұрақтар мазалайды.

Бұл мәселелер бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми өкілі Забира Оразалиева түсіндіріп берді.


Мен жүкті әйелмін және ресми түрде жұмыс істеймін. Маған жарна төлеу керек пе?

Егер сіз ресми түрде жұмыс істесеңіз, МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды жұмыс беруші төлейді. Ай сайын еңбекақыңыздан 2% мөлшерінде жарна ұсталады. Ал, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен 3% аударым жасайды. Жүктілік бойынша демалысқа шыққанға дейін бұл міндеттемелер толықтай жұмыс беруші тарапынан сақталады.


Мен жүкті әйелмін, еш жерде жұмыс істемеймін, жеке кәсіпкерлігім жоқ. Сақтандыруды қалай аламын?

Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер – мемлекет жарна төлейтін жеңілдік санатына жатады. Ол үшін өзіңіз тіркелген емханаға барып, жүктілік бойынша есепке тұру қажет. Деректер жүйеге енгізілгеннен кейін әйелге «сақтандырылған» мәртебесі беріледі. Яғни, жарнаны өзіңіз төлеудің қажеті жоқ.


Мен жүкті әйелмін және жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенмін. Табысым жоқ, «нөлдік» есеп тапсырамын. Жеңілдік санатына кіремін бе?

Жеңілдік санатына жұмыс істемейтін жүкті әйел ғана кіреді. Яғни, жүктілік бойынша есепте тұрған, ресми жұмыс істемейтін әрі жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген әйел. Егер, сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болсаңыз және қызметіңіз ресми тоқтатылмаса, МӘМС-ке жеке кәсіпкер ретінде жарна төлеуіңіз қажет (2025 жылғы төлем мөлшері – 5 950 теңге).

Жеке кәсіпкерліктің табысы болмауына байланысты «нөлдік» есепті тапсыра бересіз. Бірақ, төлем жүргізу тоқтамайды. Жеңілдік санатына ену үшін жеке кәсіпкерліктің қызметін ресми түрде тоқтату қажет.


Мен ресми жұмыс істемеймін, бірақ жүкті бола тұра жеңілдік мәртебесінен шығып қалдым. Неліктен?

Жүйеде міндетті зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар пайда болған жағдайда жеңілдік мәртебесі алынып тасталуы мүмкін. Бұл – әйелдің табыс алып, «жұмыс істемейтін» санатына сәйкес келмейтінін білдіреді.

Мұндай жағдай көбіне жүкті әйелдердің жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, аударымдар жасауы салдарынан орын алады. Мәртебені қалпына келтіру үшін жеке кәсіпкерліктің қызметін ресми тоқтату қажет.


Жүкті әйелге МӘМС бойынша сақтандыру қажет пе?

Иә. Барлық жүкті әйелдер МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы тиіс Себебі, жүктілік пен босануға қатысты медициналық көмектің басым бөлігі МӘМС аясында көрсетіледі.

Жұмыс істейтін әйелдер – жұмыс берушінің аударымдары есебінен, жеке кәсіпкерлер – өз жарналары есебінен, ал жұмыс істемейтіндер – мемлекет есебінен сақтандырылады.


Жүкті әйел қашан және қай жерде есепке тұруы керек?

Әйел тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханада есепке алынады. Егер бұрын басқа емханада қызмет алған болса, қоныс аударуына байланысты жақын аймақтағы емханаға тіркелуі қажет. Жүктілік бойынша медициналық есепке 12 аптаға дейін тұрған жөн.


Жүкті әйелді есепке кім қояды?

Есепке алу үшін әйел тіркелген емхананың акушер-гинекологына жүгінеді. Қабылдау МӘМС аясында жүргізіледі және сақтандырылған мәртебесін талап етеді.

Егер әйел сақтандырылмаған болса, дәрігер жалпы практика немесе акушер қабылдауына жүгінуіне болады. Өйткені, бұл қызметтер ТМККК шеңберінде көрсетіледі.

Есепке тұрғаннан кейін және табыс болмаған жағдайда жүкті әйел жеңілдік санаты бойынша сақтандырылған мәртебесіне ие болады.


Жүкті әйелге емханада қандай медициналық қызметтер қолжетімді?

Есепке тұрғаннан кейін әйелдің жағдайы тұрақты бақылауға алынады. Жүктілік кезеңіне сәйкес зертханалық талдаулар, үш кезеңді перинаталдық скрининг аясында УДЗ зерттеулері, қажет болған жағдайда бейінді мамандардың кеңесі жүргізіледі.

Сонымен қатар, әйел денсаулық жағдайына байланысты тәуліктік немесе күндізгі стационарға жолданады. Барлық қызметтер ТМККК және МӘМС аясында көрсетіледі.

«Ана мен бала денсаулығы – денсаулық сақтау жүйесінің ерекше бақылауында. Сол себепті жүктілікті уақытылы есепке қойып, әр триместрде белгіленген тексерулерден өту маңызды. Бұл ана мен баланың денсаулығын қорғауға және асқынулардың алдын алуға көмектеседі», – деп қорытындылады ӘМСҚ өкілі Забира Оразалиева.

11.12.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу