Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кезекті жиі қойылатын сұрақтар мен оларға жауаптар дайындады. 1. Өз емханамда көрсетілетін қызмет сапасына көңілім толмаса, дәрігерден басқа клиникадағы бейінді маманға немесе диагностикалық зерттеуге жолдама ала аламын ба?
Пациентке кез келген консультативтік немесе диагностикалық қызметті учаскелік дәрігер тағайындайды. Ол алдымен пациенттің жағдайы мен шағымдарын ескеріп, көрсеткіштер болған жағдайда зертханалық немесе өзге де тексерулерге жолдама береді.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, азаматтың дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауына құқығы бар. Демек, егер пациент басқа клиникада қызмет алғысы келетінін білдірсе, емдеуші дәрігер осы өтінішті ескеріп, жолдама бере алады. Бұл ретте таңдаған клиника ӘМСҚ-ның жеткізушілер тізімінде болуы шарт. Жолдама рәсімделген соң, келісімшарт автоматты түрде ақпараттық жүйелерде тіркеледі.
2. Стационарға жоспарлы түрде жату керек. МӘМС аясында ауруханаға жату үшін не істеу керек? Пациент тіркелген емханасындағы дәрігерге жүгіну керек. Егер ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер болса, дәрігер толық көлемде қажетті зерттеулерді тағайындайды. Медициналық ұйымды пациент өз дәрігерімен бірге таңдай алады.
Осыдан кейін ауру түріне байланысты емдеу хаттамасына сәйкес зерттеулер тізімі жасалып, «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына кезекке қою жүзеге асырылады.
Жоспарлы госпитализацияға жолдама алған соң, пациент арнайы талон арқылы https://bg.eisz.kz сайтынан өз кезегін қадағалай алады.
3. Учаскелік акушер (фельдшер, медбике/медбрат) қандай медициналық көмек көрсете алады? Орта буын медицина қызметкері дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді. Оған:
• денсаулық жағдайын бағалау және ауруларды анықтау мақсатында қабылдау мен тексеру жүргізу;
• «Жүкті әйелдер мен ұрпақты болу жасындағы әйелдер тіркелімі» жүйесіне деректер енгізу;
• Жүкті әйелдерге, босанған аналарға шұғыл көмек көрсету;
• Созылмалы аурулары бар жүкті әйелдерді бақылау;
• Акушер-гинекологтың тағайындамаларын орындауды қадағалау;
• Физиологиялық жүктілік кезінде бақылау және патронаж жүргізу;
• Жүкті әйелдерге, босанғандарға және гинекологиялық ауруы барларға үйге барып қызмет көрсету;
• Ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер мен профилактикалық тексерулер өткізу;
• Отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық бойынша кеңес беру;
• Диспансерлік есепте тұрғандарды динамикалық бақылауда ұстауға көмектесу;
• Есепте тұрғандарға арналған тегін дәрі-дәрмекке рецепт жазу.
4. Қандай жағдайларда медицина қызметкерін үйге шақыруға болады? Медицина қызметкерін үйге шақыру – адамның жағдайы күрт нашарлаған немесе созылмалы ауруы асқынған кезде, бірақ өміріне қауіп төндіретін белгілер байқалмаған жағдайда жүзеге асырылады.
Учаскелік медбике немесе фельдшер тарапынан үйге келіп қызмет көрсету мынадай жағдайларда мүмкін: шақыру кезіндегі дене қызуы 38°C-қа дейін болса; артериялық қысым көтерілгенімен, жалпы жағдайы қанағаттанарлық болса; есінен тану, қан кету, немесе кенеттен жағдайының күрт нашарлауы байқалмайтын жарақаттар мен аурулар кезінде, егер медициналық көмек пен кеңес қажет болса.
Учаскелік дәрігер үйге келесі жағдайларда шақырылады: шақыруды қабылдаған тіркеу бөлімі, медбике немесе фельдшер жағдайды дәрігерлік қарауды қажет етеді деп бағаласа; вакцинациядан кейінгі жағдай нашарласа.
5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер мен босанған аналарда денсаулығы нашарлаған кез келген жағдайда үйге қызмет көрсетіледі. 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруында қиындықтар болса, үйде қаралады.
5. МӘМС аясында психолог көмегін алуға бола ма? Психологиялық немесе психотерапиялық кеңес – мамандандырылған медициналық көмектің бір түрі. Бұл көмек нақты диагностика мен емдеуді, медициналық оңалтуды қажет ететін ауруларда, сондай-ақ телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсетіледі.
Пациент психолог қызметін өз емханасы деңгейінде келесі бағыттар бойынша ала алады:
• психологтың қабылдауы;
• балалар арасындағы суицидтің алдын алу бойынша сабақтар өткізу;
• мінез-құлықтық және психобелсенді бұзылыстарға күдік туған жағдайларда қабылдау;
• әлеуметтік бейімделу, жас ерекшелігіне сай қиындықтар бойынша кеңес беру;
• созылмалы аурулары бар пациенттерге өзін-өзі басқару тәсілдерін үйрету;
• жүкті әйелдерге, жасөспірімдерге және жастарға Жастар денсаулық орталықтарында қызмет көрсету.
Психологтың консультациясы ТМККК, МӘМС жүйесі аясында да қолжетімді.

03.06.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026