1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
В АСТАНЕ ЖУРНАЛИСТАМ ПРЕЗЕНТОВАЛИ НОВУЮ МОДЕЛЬ ПЕРВИЧНОЙ МЕДПОМОЩИ
Бүгін Астана қаласының №5 қалалық емханасында баспасөз туры өтті. Оған журналистер мен БАҚ өкілдері қатысып, жаңғырту жұмыстарының нәтижелерімен танысып, елордадағы алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамуы перспективаларын талқылады. Жобаның мақсаты — медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырып, жүйені заманауи әрі пациенттердің қажеттіліктеріне сай етіп жасау. 

«Бұл жобаны өткен жылдың қыркүйек айында іске қостық. Еліміздің барлық өңірінен бас дәрігерлер жиналып, тәжірибе алмасып, өзіміздің әдістерімізді бөлістік. Бұрын дәрігерлер пациенттерді күніне 4 сағат қабылдаса, қалған уақытта шақыртуларға баруға мәжбүр болатын. Қыста шақыртулар саны 10-15-ке дейін, ал жазда 5-6 адамға дейін болатын. Қазір мамандар тек емханада қабылдау жүргізеді, ал шақыртуларды мобильдік бригада атқарып, пациенттердің жағдайын дәрігерлерге хабарлап, үнемі кері байланыста болады», - деді емхана директоры Алтыншаш Табулдина.

Бұл өзгерістер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін реформалаумен тұспа-тұс келіп, медициналық көмектің қолжетімділігін одан әрі арттырады. 2027 жылдан бастап Қазақстан сақтандыру моделі бойынша жұмыс істейді. Онда мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтар медициналық қызметтерді бірлесіп қаржыландырады. Қазіргі уақытта жүйеге енбеген азаматтар үшін қолжетімді тарифтер белгіленіп, жеңілдік мерзімі үш айдан алты айға дейін ұзартылды — бұл адамдардың уақытша қиындықтарға тап болғанда сақтандыру мәртебесін жоғалтпауын қамтамасыз ету мақсатында жасалды.

Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топтарға ерекше назар аударылуда. Астанада 257 мыңнан астам адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енбеген, олардың шамамен 60 мыңы әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған санатқа жатады. Олардың сақтандыру жарналары жергілікті бюджеттен төленетін болады.

ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Гүлжан Шайхыбекова бұл қадам қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға маңызды серпін беретініне тоқталды.

«Енді ең осал азаматтар да медициналық көмекке оңай қол жеткізе алады. Бұл тек қаржыландыру ғана емес — әлеуметтік жауапкершіліктің нақты көрінісі. Біз әрбір адамның табысы мен өмір жағдайына қарамастан, қолдау мен қорғаныс сезінуін қалаймыз», — деді ол.

Астанадағы №5 емхананың тәжірибесі алғашқы медициналық-санитарлық көмекті реформалауды бүкіл ел көлемінде кеңейтуге негіз болады. Пилоттық жобаның нәтижелері жүйелі өзгерістердің мүмкін екенін көрсетті — бұл үшін кәсіби команда, мемлекет қолдауы және халықпен ашық диалог болуы қажет.
25.07.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу