Әбілқайыр Сқақов ӘМСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ұжымына жаңа басшыны ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев таныстырды.
«Әбілқайыр Бақтыбайұлының мемлекеттік қызметте 28 жылдан астам тәжірибесі бар, оның 18 жылын бірінші басшы ретінде қызмет атқарған. Қаржы министрлігінің жүйесінде 19 жыл жұмыс істеді. Соның ішінде Салық комитеті төрағасының орынбасары және Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарды», - деп атап өтті бірінші вице-министр.
Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. «Экономист және қаржыгер» (Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті), «Заңгер» (Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институты) және «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» (М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті) мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.
Әбілқайыр Сқақов 1995 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар және Қостанай облыстарының салық органдарында жұмыс істеді. 2006–2008 жылдар аралығында Павлодар облысы денсаулық сақтау департаменті директорының экономика жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2012-2016 жылдары Қаржы министрлігі жүйесінде, оның ішінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды. 2016-2019 жылдар аралығында Әбілқайыр Сқақов Қорғаныс министрінің орынбасары ретінде қаржы және экономика мәселелерін басқарды, одан кейін Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы. 2020-2022 жылдары Павлодар облысының әкімі болды.
«Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған және «Құрмет» орденінің иегері.
«Әбілқайыр Бақтыбайұлының мемлекеттік қызметте 28 жылдан астам тәжірибесі бар, оның 18 жылын бірінші басшы ретінде қызмет атқарған. Қаржы министрлігінің жүйесінде 19 жыл жұмыс істеді. Соның ішінде Салық комитеті төрағасының орынбасары және Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарды», - деп атап өтті бірінші вице-министр.
Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. «Экономист және қаржыгер» (Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті), «Заңгер» (Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институты) және «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» (М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті) мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар. Әбілқайыр Сқақов 1995 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар және Қостанай облыстарының салық органдарында жұмыс істеді. 2006–2008 жылдар аралығында Павлодар облысы денсаулық сақтау департаменті директорының экономика жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2012-2016 жылдары Қаржы министрлігі жүйесінде, оның ішінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды. 2016-2019 жылдар аралығында Әбілқайыр Сқақов Қорғаныс министрінің орынбасары ретінде қаржы және экономика мәселелерін басқарды, одан кейін Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы. 2020-2022 жылдары Павлодар облысының әкімі болды.
«Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған және «Құрмет» орденінің иегері.
21.09.2023
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026



