Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының жаңа орынбасары қызметіне Жұлдыз Рамазанова тағайындалды.
Жұлдыз Рамазанова – мамандығы бойынша экономист және заңгер. Еңбек жолын Павлодар облысының Экономика департаментінде бастаған. Түрлі кезеңдерде ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2020 жылдан 2025 жылдың маусымына дейін Жұлдыз Мейрамқызы ӘМСҚ бюджеттеу департаментінің директоры болып еңбек етті.
«Жұлдыз Мейрамқызы – Қорда бес жылдан астам уақыт қызмет еткен тәжірибелі әрі білікті маман. Ол Қордың қаржылық үдерістерін және жұмыс ерекшеліктерін жақсы меңгерген. Әріптесімізге жаңа лауазымында табыс тілеймін», – деді ӘМСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Сәуле Тәжібаева.
«Жұлдыз Мейрамқызы – Қорда бес жылдан астам уақыт қызмет еткен тәжірибелі әрі білікті маман. Ол Қордың қаржылық үдерістерін және жұмыс ерекшеліктерін жақсы меңгерген. Әріптесімізге жаңа лауазымында табыс тілеймін», – деді ӘМСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Сәуле Тәжібаева.
03.12.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026



