Жоғары аудиторлық палата Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, оның ішінде 5 филиалының 2022-2023 жылдардағы қызметін тексерді. Тексеру 3,8 трлн теңге мен 770 млн астам медициналық қызметті қамтыды. Жоғары аудиторлық палата мәлімдеген тексеру қорытындыларына байланысты Қор өкілдері келесі ақпаратты хабарлайды.
Ұлттық қор қаражатын игермеу туралы. 2022 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесі бойынша бұйрықтың кеш қабылдануына байланысты 12,7 млрд теңге, 2023 жылы 12 ауданаралық аурухана бойынша төлем әдістемесінің өзгеруіне және оны ақпараттық жүйелерде кеш жүзеге асуына байланысты 0,5 млрд теңге игерілмеген. Бұл қаражат толық көлемде бюджетке қайтарылды.
Екі жеткізушінің жеке қызмет түрлеріне лицензиялардың болмауына қатысты. Бұл УДЗ қызметтерін көрсеткен жекелеген мекенжайларға қатысты. Олардың үлесі жеткізушілер көрсеткен қызметтердің жалпы көлемінің 1%-дан азын құрады. Айта кету керек коммерциялық емес ұйым ретінде Қордың лицензиядан кейінгі бақылау функциясы жоқ. Бұл басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді.
Бірлесіп орындаушылармен медициналық қызметтерге қосарланған төлем бойынша. Қор сарапшылары егжей-тегжейлі талдаудан кейін амбулаториялық көмек бойынша 27,6 млрд теңге қаржылық емес, процедуралық бұзушылықтарға жататынын анықтады. Бұдан әрі шаралар қабылдау үшін бейінді мемлекеттік органдарды құқықтық бағалау қажет. Тексеруші орган да, Қор да осы ұстаныммен келісті. Айта кетейік, Қор тек жеткізушілермен шарт жасасады және олардың бірлесіп орындаушыларымен қарым-қатынасына араласуға құқығы жоқ.
Стоматологияларға тарифтен тыс төленген анестезияға қатысты. Бұл жағдай ақпараттық жүйелердегі форматты-логикалық бақылаудың бұзылуына байланысты қалыптасты. Қор 80-нен астам форматты-логикалық бақылауды дайындады, олар қазіргі уақытта адами факторды төмендету арқылы қызметтер мониторингінің тиімділігін арттыру үшін кезең-кезеңімен енгізілуде.
Шетелге тұрақты тұруға кеткен адамдарды амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты. Мәселе ақпараттық жүйелерді интеграциялау және тұрақты тұруға кеткен және жеке басын куәландыратын құжаттарды тапсырмаған адамдарға қатысты көші-қон тәртібін реттеу бөлігінде мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысын талап етеді.
Анықталған бұзушылықтардың едәуір бөлігі цифрландыру деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты. Оның көтерілуі – Қордың басты міндеттерінің бірі: осы жылдың ортасында Қор пилоттық режимде басынан бері болмаған өзінің ақпараттық төлем жүйесін енгізді, сондай-ақ бұрын медициналық көмек пен қаражатты сапалы талдау және тиімдірек бөлу үшін ситуациялық-талдамалық орталығын іске қосты.
Қордың өзге де басымдықтары – ашықтық, есептілік және корпоративтік тәуекелдерді енгізу. Мұндай саясат қаржылық бұзушылықтар санын азайтуға ықпал етті дейді Қор өкілдері. Жоғары аудиторлық палатаның ағымдағы тексеру нәтижелері алдыңғымен салыстырғанда төмен екенін көрсетті.
Қор жоғары аудиторлық палатаға жүргізілген аудит үшін алғыс білдіреді және ол ұсынған ұсыныстарды орындайды.

22.07.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026